Өңірлер

Қазақстанда сенбі күні жауын шашын түседі деп күтіледі

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

АСТАНА, 25 қар – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты қар, жауын-шашын күтіледі, тек оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарланады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің сайтына. 

Қысқы жел - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астанада және бүкіл облыста соққан қатты жел біраз күнге созылады

Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып,  желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында  желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 25 м/с-ға дейін күшейеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Атырау облысында желдің екпіні 17-22 м/с болады.

 Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз Ақтөбе олысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көтайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-23 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.

 Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.  


Жаңалықтар
0