АСТАНА, 25 қар — Sputnik. Жұма күні Астана қаласы және Ақмола облысында соққан қатты желге байланысты дауылдық ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитет сайтында.
Синоптиктердің болжауынша, Астана қаласында 26-28 қарашада кей уақытта бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Демалыс күндері Ақмола облысында да кей жерлерде боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге, кей жерлерде секундына 23 метрге дейін жетеді деп күтіледі.
Сонымен қатар, Қазгидрометтің мәліметінше, өңірде түнгі ауа температурасы минус 10-13 градустан төмендемейді, ал күндіз – минус 5-9 градустан. Бұл күндері жауын-шашын болмайды.