Саясат

Елбасы билік басында ұзақ отыр деген сынға қатысты пікірін білдірді

© Photo : Официальный сайте президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президентінің айтуынша, ең бастысы – өз қызметіңмен еліңнің өркендеуіне үлес қосу және азаматтардың тұрмысын жақсарту.

АСТАНА, 25 қар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында билік басында өткізген жылдары туралы әңгімелеп, 2020 жылдан соң қызметіңізді жалғастыра бересіз бе деген сұраққа жауап берді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Bloomberg News агенттігіне берген сұхбаты - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы: 2020 жылға дейін қызмет етемін

"Баяғыдан бері жұмыс істеп келемін, оны білесіздер. Сол үшін сынға да ұшырап жатамын. Көп жұмыс істеу, аз жұмыс істеу… Мәселе сенің қаншалықты өнімді еңбек ететініңде, еліңе, халқыңа қандай пайда келтіріп жатырсың, әлде мүлдем үлесің тиіп жатқан жоқ па – сонда. Сол себепті біздің заңнама мен конституция тұрғысынан алғанда, мен бұдан әрі де өз кандидатурамды ұсына аламын, ал 2020 жыл туралы сіздерге ештеңе айтпаймын, өйткені бұл көптеген жайттарға тәуелді мәселе", — деп жауап берді Назарбаев 2020 жылдан соң билік басында қала бересіз бе деген сұраққа. 

Содан кейін мемлекет басшысы Америкадағы сайлау және сайланған президент Дональд Трамптың ұсыныстары туралы ойын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Трампты Қазақстанға сапармен келуге шақырды

"Маған оның әлем экономикасын бөлшектеуге қарсы екендігі ұнайды", — деп атап өтті Назарбаев Транстынықмұхиттық және Трансатланттық серіктестіктер туралы сөз қозғап. Бұл ұйымдар құрамына құрлықтың басым бөлігі кірмейді: Үндістан, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Ресей. "Бұл жағдайда Шанхай ұйымы немесе Еуразиялық алып бірлестік аясында бірігуге тура келеді", — деп санайды Қазақстан президенті. "Трамп мырзаның бұған қарсы көзқарасын өз басым қатты қолдаймын", — деп ойын қорытты Елбасы. 

Жаңалықтар
0