Саясат

Назарбаев елорда атауын өзгерту туралы: мен ешкімге ондай ұсыныс айтқан емеспін

© Sputnik / Еркен СалиховБәйтерек
Бәйтерек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы депутаттардың бастамасына сүйсінгенін айтты, алайда атуды өзгерту мәселесіне ақылмен қарау керектігін атап өтті.

АСТАНА, 24 қар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент депутаттарының Қазақстанның елордасы Астананың атуын оның құрметіне ауыстыру турлы бастамаға пікір білдірді. 

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутаттар елорда атауын Назарбаевтың есімімен байланыстыруды ұсынады

Бір күн бұрын, 23 қараша күні Қазақстан парламенті палаталарының депутаттары елорда атауын президент есімімен байланыстырып өзгерту ұсынысын талқылаған болатын. Депутаттар ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияға дауыс берді, оның мәтінін мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов оқыды. Бұл декларацияда елдің бас қаласы Астана атауын өзгерту мәселесі қозғалған. Елорданың атауын "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев" деп ауыстыру ұсынылды.  

"Бірдеңе болса, соған "нұр", "нұрлы" деген сөзді қосады. Соның бәрі менің жеке басыммен байланысты деп ойлайды. Бұл тақырып туралы айтып жүргеніме көп болды.  Бүкіл жерге "нұр", "нұрлы" деп жазсын деген тапсырманы мен берді деп ойлайтын шығар. Кеше ғана Парламент тіпті Астанаға менің атымды беру туралы болжам жасапты. Мен ондай болжам жасаған да, ол туралы тіпті айтқан да емеспін", — деді Назарбаев Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қызметінің мәселелері жөніндегі отырыс барысында. 

"Парламент – бұл биліктің дербес бөлігі, олар шешім қабылдауға, өз пікірлерін білдіруге құқылы. Кез келген мәселені, әсіресе қала, елді мекендердің атауын өзгерту мәселесін біз салмақтап, мемлекет үшін, ел үшін ненің қажет екеніне қарай ретімен шешеміз", — деді президент. 


Жаңалықтар
0