Қоғам

Депутаттар елорда атауын Назарбаевтың есімімен байланыстыруды ұсынады

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елдің ата заңында Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды өркендетудегі елеулі үлесін атап көрсету ұсынылды.

АСТАНА, 23 қар — Sputnik. Қазақстандық депутаттар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін елорда атауымен байланыстыруды ұсынды, бұл туралы парламент палаталарының отырысында айтылды.

Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларация мәтінін оқып берді.

"Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз мәңгі есте қалуы керек. (…) Конституциямызда Ұлтымыздың көшбасшысы әрі Қазақстанның тұңғыш президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетімізді салуға қосқан елеулі үлесін атап көрсетуді, сонымен бірге, елордаға және еліміздегі басқа да маңызды нысандарға берілетін атауларды Елбасы есімімен байланыстыруды ұсынамыз", — деді Сұлтанов.

"Біздің мақсатымыз – Елбасының басшылығымен жұмылып, Мәңгілік Елдің құндылықтарын нығайту, бар байлығымыз  - егеменді әрі тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтай отырып, ұрпақтарымызға жеткізу", — деді депутат.

Сонымен қатар, Астана қаласында "Тәуелсіз Қазақстан" монументін салу мәселесі декларацияда қозғалды. 

Жаңалықтар
0