Мәдениет

Қазақстан аруы-2016: қазақ даласының ұлы әйелдері

© Sputnik / Болат Шайхинов"Қазақстан аруы - 2016" конкурсына қатысушы
Қазақстан аруы - 2016 конкурсына қатысушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл конкурсқа біраз өзгеріс енгізілді: тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қатысушылардың әрқайсысы Қазақстанның мақтан тұтар ұлы әйелдерінің бірі жайлы баяндап береді.

АСТАНА, 24 қар — Sputnik.  Орталық коммуникациялар баспасөз мәслихатында "Қазақстан аруы-2016" конкурсына қатысушылар ұсынылды.

Әлем аруы-2016 сайтының суреті - Sputnik Қазақстан
"Әлем аруы-2016" байқауында Қырғызстан мен Қазақстанның жалауларын шатастырып алды

20-шы конкурс республика тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады. Бұл жылы конкурстың міндетті кезеңдерінің біріне Қазақстанның ұлы әйелдерінің бірі туралы әңгімелеу кіреді.

Сұлулық байқауын тележүргізуші Динара Сәтжан мен "Астана Опера" театрының солисті Сүндет Байғожин жүргізеді.

"Биыл конкурста Әлия Молдағұлова, Күләш Байсейітова, Мәншүк Мәметова туралы баяндалады. Бұл қатысушылар үшін үлкен мәртебе", — деді Динара Сәтжан баспасөз конференциясы барысында.

Ең сұлу, ең көркем: Мисс Астана — 2016 конкурсы қалай өтті - Sputnik Қазақстан
Видео
Ең сұлу, ең көркем: "Мисс Астана — 2016" конкурсы қалай өтті

"Бәрі әділ өтуі үшін СМС дауыс беру қауіпсіздігі бойынша шаралар қолданылды. Ұлттық әділ қазы бес финалистті таңдап алып, артынша СМС арқылы жеңімпаз анықталады. Бұл жылы сыйақы қоры 5 миллион теңге", — деді конкурс ұйымдастырушысы Алена Ривлина-Кырбасова.

Конкурс 10 желтоқсан күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Жаңалықтар
0