Ельназ 20 қатысушының ішінде үздік атанып, 1 миллион теңге көлемінде сыйлық жеңіп алды. Сонымен қатар, "Мисс Қазақстан" ұлттық конкурсының финалында елордамыздың намысын қорғайтын болады. Жеңімпаз қыз жүлдесінің жартысын балар үйіне, жартысын ата-анасына бермекші.
Ельназ Қазақстан технология және бизнес университетінде дизайнер мамандығы бойынша білім алуда, модель болып жұмыс істейді.
"Туған-туыстарымның бәрі маған жанкүйер болып келді. Бәріне көп-көп рахмет. Конкурс ұйымдастырушыларына үлкен алғысымды білдіремін. Қуанышымда шек жоқ. Бұлай болар деп күтпеген едім", — деді Нұрсейітова тілшілерге.
21 жастағы Бегайым Жорабекова бірінші вице-мисс болды, екінші вице-мисс Екатерина Подгородецкая (19 жаста), үшінші вице-мисс – Бибінұр Есімова (19 жаста).