Әлем

Өзбекстандағы сайлау: мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

© Public DomainТашкент көріністері
Ташкент көріністері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Негізгі дауыс беру күні – 4 желтоқсанда қандай да бір себепке байланысты қатыса алмайтын Өзбекстан азаматтары мерзімінен бұрын дауыс беретін болады.

АСТАНА, 24 қар — Sputnik.  Өзбекстан президенттік сайлауында мерзімінен бұрын дауыс беру бейсенбі күні басталды, ашылған сайлау учаскелері 24 қарашадан бастап, 2 желтоқсанға дейін жергілікті уақыт бойынша 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Өазақстан президенті Н.Назарбаев пен Өзбекстан президентінің уақытшы міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев пен Мирзиеев екі жақты байланыстарды қарқындатуды талқылады

Екінші қыркүйекте Өзбекстанның 78 жастағы бірінші президенті Ислам Каримов инсульттен көз жұмды. Республика басшысы қызметін уақытша атқаруша премьер-министр Шавкат Мирзиеев тағайындалған. Президенттік сайлау 4 желтоқсанда өтеді. Мемлекет басшысы бес жылдық мерзімге сайланбақшы.

Заңнамаға сәйкес, негізгі дауыс беру күні – 4 желтоқсанда қандай да бір себепке байланысты қатыса алмайтын Өзбекстан азаматтары алдын ала дауыс бере алады. Әрі мерзімінен бұрын дауыс беруге ынталы жандар оның себебін түсіндіруге міндетті емес. Мерзімінен бұрын дауыс беру сайлауға 10 күн қалғанда басталып, сайлаудан бір күн бұрын аяқталады.

Шавкат Мирзиёев - Sputnik Қазақстан
Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды

Орталық сайлау комитетінің дерегі бойынша, Өзбекстан президентін сайлау үшін 9381 сайлау учаскесі құрылған, олардың 44-і ел шекарасынан тысқары жерлерде. Бұл сайлау учаскелерінде барлығы 21,435 миллион халық дауыс беруі тиіс.

Елдегі тіркелген төрт саяси партия мемлекет басшылығына үміткерлер ұсынды. Саясаткерлердің пікірінше, жеңістен басты үміткер премьер-министр Мирзиеев болып отыр, ол Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы атынан ұсынылған.

Жаңалықтар
0