АСТАНА, 23 қар — Sputnik. Оңтүстік Каролина губернаторы Никки Хейли сайланған президент Дональд Трамптың АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметіне шақыру ұсынысын қабылдады деп хабарлады РИА Новости Washington Post басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, бұл туралы Трамптың ауыспалы командасы сәрсенбі күні кешке қарай ресми түрде хабарлайтын болады.
Оңтүстік Каролина губернаторының орынбасары Генри Макмастер бұдан бұрын өзінің бас прокурор, Хейлидің америка дипломатиясының басшысы – мемлекеттік хатшы болуы ықтимал екендігін айтқан болатын. Бұл туралы жергілікті Post and Courier газеті жазған.