АСТАНА, 23 қар — Sputnik. Орал тұрғындарының бургерлермен жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, мекеме иесіне ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды, деп хабарлады өңірлік "Уральская неделя" басылымы.
9-11 қараша аралығында іші ауырып 29 адам түсті Орал қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Олардың арасында сегіз кішкентай бала мен жүкті әйел бар. Жұқпалы аурулар ауруханасына түскендердің бәрі 8 қараша күні Орал қаласындағы "М6" сауда үйінде "Бургер стрит+" кафесінен тамақтанған.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың сөзіне қарағанда, 19 қараша күні барлық зардап шеккендер ауруханадан шыққан.
"Уанған 29-дың 28-інен салмонеллез анықталды. Дәмханадан тексеру үшін алынған гамбургерлерден біздің мамандар сальмонелла тапты", — деді қаланың бас санитарлық дәрігері Мәдениет Танауов.
Лабораториялық зерттеулер бактерия тасушының аспаз болғанын анықтады. "Мекеменің қызметкерлерінде санитарлық кітапша болмаған, сондықтан кімнің немен ауыратынын анықтау мүмкін болмады", — деді Танауов.
"Бүгін ауруханаға жатқызылған науқастардың саны 27-ге жетті. Бастапқыда ішек жұқпалы ауру деген божам болған еді, бірақ сараптамалар жасалғаннан кейін сальмонеллез диагнозы қойылды. Ауруханаға түскендердің бәрінің хәлі біршама ауыр, олар кем дегенде жеті күн жатып ем қабылдайды. Әрі қарай жағдайларына қарап көреміз", — деді Надия Ахметова.
Мекеме иесіне ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды.
"Абайсыздықтан адамдардың жаппай улануынан соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу". "Бургер стрит+" улану жағдайынан кейін СЭС жедел тамақтану орындарының иелерімен түсіндірме жұмыстарын өткізуде.