АСТАНА, 22 қар — Sputnik. Танымал қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша диплом алды.
"Баршаңызға қайырлы күн! Баршаңыздың күндеріңіз сәтті болсын! Мен "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дипломын алдым", — деп жазды Ильин өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.
Өткен аптада, Илья Ильин Алматы университеттерінің бірінде МВА дәрежесін алу үшін оқып жатқанын атап өткен.
Мұның алдында Илья Ильиннің 2008 және 2012 жылғы Олимпиадаларындағы допинг сынамалары оң нәтиже берген. Ильин Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы жетекшісінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.