Спорт

Илья Ильин Алматы университеттерінің бірінің студенті атанды

© Photo : Пресс-служба акима Кызылординской областиИлья Ильин
Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Илья Ильин алматылық жоғары оқу орындарының бірінен МВА дәрежесіне ие болмақ.

АСТАНА, 17 қар — Sputnik. Танымал қазақстандық ауыр атлетші Илья Ильин алматылық университеттерінің бірінің студенті атанды. 

 "Барша студенттерді Халықаралық студент күнімен құттықтаймын! Осы сәтті пайдалана отырып, мен қайтадан Студент болғанымды айтқы келеді!", — деп жазды Ильин өзінің Instagram желісіндегі парақшасында. Спортшы Алматы университеттерінің бірінде МВА дәрежесін алу үшін оқып жатқанын атап өткен. 

 

 

Мұның алдында Илья Ильиннің  2008 және 2012 жылғы Олимпиадаларындағы допинг сынамалары оң нәтиже берген.

Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Илья Ильин спорт функционері ретінде бағын сынауға дайын

Содан кейін ҚР Мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы Ильинге Қазақстанның жетекші спорт ұйымы — ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің штат және ұлттық командалары дирекциясында кеңесші болуды ұсынды. 

Сондай-ақ, министр Илья Ильиннің жаттығуын үзбей жүріп, қазақстандық спортшылардың арасында бірінші болып, PhD докторы дәрежесін алғанын атап өтті. 

Кейіннен Ильиннің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы жетекшісінің кеңесшісі қызметіне тағайындалғаны белгілі болды. 

Халықаралық студенттер күні жыл сайын 17 қараша күні атап өтіледі. 


Жаңалықтар
0