АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Ақтауда зорланған алты жасар қыздың өлгендігі туралы ақпаратты "University Medical Center" корпоративтік ұжымның баспасөз қызметі растады.
Бұрын хабарланғандай, Қызды 20 тамыз күні Ақтау қаласында ұрлап әкетіп, зорлаған. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер ыстық өтіп, қансырап жатқан қызды тауып алады. 27 тамыз күні қыз облыстық балалар ауруханасынан Астанаға Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығына жеткізілді.
Дүйсенбі, 21 қараша күні қыз көз жұмды. Алайда нақты ақпаратты кейінірек хабарлауға уәде етті.
Бұрын Ана мен бала ұлттық орталығының "University Medical Center" корпоративті қорының филиалына ресейлік профессор Сергей Царенко келген.
Оның сапары аясында профессордың қатысуымен орталық жүйке жүйесіне ауыр зақым тиген балалар, оның ішінде ақтаулық алты жасар қыз үшін консультациялар өткізілген. Ол "мидің өлімі" диагнозын растаған. Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда Қазақстанда Ресейде секілді мидің өлімі адамның өліміне теңестірілетін заң жоқ.
Қылмыс жасады деген күдік бойынша өз кінәсін мойындамай отырған ер адам қамауға алынды.