АСТАНА, 4 қар — Sputnik. Мастер-класс өткізу үшін Астанаға келген ресейлік профессор Сергей Царенко Ақтауда зорланған қаздың жағдайы туралы айтып, бүгінгі таңда заманауи медицинада мұндай жағдайлардың қайтарымсыз екенін атап өтті.
Ана мен бала ұлттық орталығының "University Medical Center" корпоративті қорының филиалына профессор алғаш рет келіп отырған жоқ. Биыл ол қазақстандық әріптестеріне халықаралық технологияларды енгізу бойынша ғылыми-тәжірибелік көмек көрсетпек. Сапар аясында профессордың қатысуымен орталық жүйке жүйесіне ауыр зақым тиген балалар, оның ішінде ақтаулық алты жасар қыз үшін консультациялар өткізу жоспарланып отыр.
"Мен ауыр пациенттерді және ол қызды да қарадым. Бой жетіп кеткен қыздардың әкесі ретінде бұл оқиға мені қапаландырмай қоймайды. Дегенмен, дәрігер ретінде айтар болсам, менің жеке пікірімше жағдай жақсармайды. Барлық күш салынды. Іс жүзінде, мен қазақстандық дәрігерлерге сырттай кеңес беріп отырдым. Мәскеулік және шетелдік дәрігерлер бұл сәбидің жағдайына ерекше ден қойды. Бірақ оны құтқаруға жұмсалған барлық күштер қажетті нәтиже бермеді. Жалпы, баланың оңалуына мүмкіндік жоқ деуге болады", — деді Царенко журналистермен жүргізілген сұхбатта.
Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда Қазақстанда Ресейде секілді мидің өлімі адамның өліміне теңестірілетін заң жоқ.
"Әрдайым ми өлімі адам өліміне теңестіріледі. Заманауи медицинада ол кішіқайтымды деп аталады… Қазір оның қанша уақыт жан сақтау бөлімінде болатынын болжау мүмкін емес. Бүлдіршін қаза тапты деуге болады", — деді маман.