Экономика

Энергетика министрі: 2016 жылы Қашағаннан мұнай алу көлемі 1,1 млн тоннаны құрауы мүмкін

© AP Photo/ Dario Lopez-MillsМұнайшылар
Мұнайшылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келесі жылы Қашаған кен орнынан 4-тен 8 миллион тоннаға дейін мұнай алу көзделіп отыр.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Қазақстан энергетика министрлігі болжамына сәйкес, Қашаған кен орнынан мұнай алу көлемі биылғы жылы 1,1 миллион тоннаны құрайды деп хабарлады ведомство басшысы Қанат Бозымбаев.

Мұнай алу - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан Қашағаннан мұнай алу көлемін шектемейді

"Биылғы жылы 19 қарашадағы көрсеткіш бойынша 450 мың тоннадан астам мұнай алынған. Жыл соңына дейін бұл кен орнынан 1 миллион 1 жүз мың тонна мұнай алу көзделіп отыр", — деді Бозымбаев мәжілістегі үкіметтік сағат барысында.

Энергетика министрінің мәліметінше, 2017 жылы осы кен орынан мұнай алу көлемі 4-тен 8 миллион тоннаға дейін жетеді. Теңіз кен орнынан мұнай алу бұл жылы 26,5 миллион тонна деңгейінде болады деп болжанады, ал Қарашығанақта – 11,6 миллион тонна.

Жаңалықтар
0