АСТАНА, 1 қар — Sputnik. Қашағаннан мұнай алу көлемі шектелмейді, себебі Қазақстанның инвесторлар алдында міндеттері бар деп хабарлады энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Министрдің айтуынша, Қазақстан әлемде мұнай шығару бойынша "өте аз үлеске" ие. Егер дүние жүзінде 34 миллион баррелден астам мұнай алынатын болса, Қазақстан небәрі 1,5 миллион баррель шығарады.
Сол себепті Қазақстанда мұнай алу көлемін ұлғайтудың немесе азайтудың "ешқандай маңызы жоқ".
Бозымбаевтың мәліметінше, Қашағаннан алынған алғашқы мұнай осы жылы сатылады. Сонымен қатар министр осы жылдың соңына қарай сатудан түскен алғашқы қаражат ұлттық қорға аударылады деп үміттенеді.