Әлем

Грецияның бұрынғы президенті Константинос Стефанопулос көз жұмды

© Sputnik / Владимир Родионов / Медиабанкке өтуГрецияның бұрынғы президенті Константинос Стефанопулос
Грецияның бұрынғы президенті Константинос Стефанопулос - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Стефанопулос 1995-2005 жылдары арасында президент қызметін атқарған. Осы уақытқа дейін Грецияның ең құрметті әрі сүйікті басшыларының бірі болып саналады.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Грецияның бұрынғы президенті Константинос Стефанопулос Афинаның ауруханаларының бірінде 90 жасында пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости

Председатель сената парламента Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тоқаев: Қазақстанның досы Шимон Перес қайтыс болды

Стефанопулос мамандығы бойынша заңгер. 1926 жылы Патры қаласында дүниеге келген. Греция үкіметінде 1974 және 1981 жылдар аралығында әртүрлі министрлік қызметтер атқарған.

Ол, сондай-ақ Жаңа Демократия партиясының басшысы қызметіне үміткер болған, алайда оның 1981 және 1985 жылғы әрекеттері сәтсіз болды, деп атап өтеді агенттік. 

Константинос Стефанопулос 1995 жылы Греция президенті қызметіне сайланып, Константин Стефанопулостың орнын басты. Кейіннен 2005 жылы ресми түрде екінші мерзімге сайланды. Осы уақытқа дейін Грецияның ең құрметті әрі сүйікті басшыларының бірі болып саналады.


Жаңалықтар
0