АСТАНА 28 қыр — Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің бұрынғы президентінің өліміне қатысты көңіл айтты.
"Бейбітшілік үшін Нобел сыйлығының лауреаты Шимон Перес қайтыс болды. Израиль мемлекетінің негізін қалаушылар буынының соңғы өкілі. Қазақстанның досы", — деп жазды Тоқаев Twitter-дегі бетінде.
Одан ары қарай сенат өкілі әйгілі саясат қайраткерінің айтқан бірнеше сөзін келтірді.
Ш.Перес: «Во время войны все зависит от победы, в условиях мира нужен компромисс. Люди любят мир, но не хотят компромисса»
— Kassym-JomartTokayev (@TokayevKZ) 28 сентября 2016 г.
ШП:«Политики похожи на часовщика.Но если часовщик останавливает часы,чтобы их отремонтировать,то политик не имеет права останавливать время»
— Kassym-JomartTokayev (@TokayevKZ) 28 сентября 2016 г.
«Казахстан будет сюрпризом этого века» (Ш.Перес)
— Kassym-JomartTokayev (@TokayevKZ) 28 сентября 2016 г.
Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перес сәрсенбіге қараған түні 93 жасында екі апта бұрын алған инсульттен беті бері қарамай, қайтыс болды.