Оқиға

Алматы тумасы АҚШ-тың ауруханасында көз жұмды

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуЖансақтау бөлімі
Жансақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
26 жасар қазақстандық басы ауырып ауруханаға сақтандыру құжатысыз түсті.

АСТАНА, 18 қар — Sputnik. Қазақстан азаматы Еркін Балғымбаев 15 қараша күні Хьюстонда (АҚШ) көз жұмды. Өлім себебі әзірге белгісіз, деді Sputnik Қазақстанға телефон арқылы ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Полицей Стивен Рэнкин - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ол да болса – АҚШ-та атып өлтірілген қазақстандықтың анасы полицейге шыққан үкім туралы

"15 қараша күні Хьюстонда ауруханалардың бірінде біздің азаматымыз, 1990 жылы туылған Еркін Балғымбаев қайтыс болды. Достары мен туыстарының айтуынша ол басының қатты ауруына шағымданған. Медициналық сақтандыруы болмағандықтан ауруханаға жүгінбеген. Дегенмен 14-15 қарашаға қараған түні Еркін Балғымбаев ауруханаға жатқызылған, кейіннен көз жұмды", — деді Әнуар Жайнақов. 

© Photo : Балғымбаевтың әлеуметтік желідеге суретіҚазақстан азаматы Еркін Балғымбаев
Қазақстан азаматы Еркін Балғымбаев - Sputnik Қазақстан
Қазақстан азаматы Еркін Балғымбаев

Сондай-ақ, ҚР СІМ баспасөз қызметі жетекшісінің айтуынша, ер адамның артында екі кішкентай баласы қалған. 


Жаңалықтар
0