АСТАНА, 14 қаз – Sputnik. Бес жыл бұрын қазақстандық Кирилл Денякинді атып өлтірген Портсмут полицейі басқа жас американдықты өлтіргені үшін екі жарым жылға сотталды.
Портсмут полициясының бұрынғы офицері Стивен Рэнкин (Stephen Rankin) 12 қазан күні 18 жастағы қарусыз афроамерикандық Уильям Чапменді өлтіргені үшін жазасын өтеуге түрмеге кетті, деп хабарлады The Virginian-Pilot газеті.
Полиция қызметкері тамыз айында қасақана кісі өлтірді деген айып бойынша кінәлі деп танылған. Округтік судья Джонни Моррисон Рэнкиннің адвокаты үкімге шағым түсіру кезінде, оны бостандықта қалдыру өтінішін қанағаттандырмаған. Судьяның айтуынша, бұрынғы офицер өзіне және өзгелерге қауіп төндіруі мүмкін.
Соңғы үкім жарияланғаннан кейін сот залында қошеметтер мен қуанышты дауыстар шығып жатты.
Өлтірілген Уильям Чапманның анасы Салли Чампан судьяның шешіміне риза екенін, әділдіктің орнағанын айтты.
Sputnik-Қазақстан сот процессі барысында атып өлтірілген Уильям Чапманның отбасына қолдау білдірген Кирил Денякиннің анасымен байланысқа шықты.
"Әрине, бұл тым аз. Әйтеуір дымнан гөрі. Өйткені оларда полицейлері ақтайды. Ол кісі өлтіру үшін сотталған алғашқы полицей. Шартты мерзімнен бұрын босап шығу құқығынсыз, яғни екі жарым жылды толық отырып шығады", — деді Елена Днякина.
Қарағанды тумасы Кирилл Денякин қаза болғанға дейін АҚШ-тан бес жыл тұрған. Оны 26 жасында полицей Стивен Рэнкин 2011 жылы атып өлтірді.