АСТАНА, 18 қар — Sputnik. Апат салдарынан Алматының батысында бірнеше шағынауданы жылу беру жүйесінен ажыратылды, делінген "Алматы жылу желілері" компаниясының сайтында.
"Жылу беру желілеріндегі апаттық жұмыстарға байланысты 18 қараша күні 8:00-20:00 аралығында Саин-Марғұлан-Сәдуақасов-Ұлықбек көшелері мен Қалқаман шағынауданындағы тұтынушылар жылу беру жүйесінен ажыратылады",- делінген хабарламада.
"Алматы жылу желілері" компаниясының қызметкерлері апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кететін жәйт, ауа температурасы далады 7 градус аяз болып тұр. Қар жаууы ықтимал.