Өңірлер

Алматы қар жамылды

© SputnikҚар жамылған Алматы
Қар жамылған Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Метеорологтардың айтқандары айдай келді, алайда автокөлік иелері мұндайды күтпеген болатын. Сөйтіп, ТҚКС алдында дөңгелектерін айырбастауға келгендердің ұзақ сонар кезегі пайда болды.

АСТАНА, 17 қар — Sputnik. Алматыда бейсенбіге ұараған түннен бастап қапалақтап қар жауа бастады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі.

Алматыдағы қар жамылғысының биіктігі 20 сантиметрден асып кетті, жолдарда көлік кептелісі пайда болды. Әлеуметтік желілерде бұқара халық жол апатының көбейгендігін, техникалық қызмет көрсету станцияларында жазғы дөңгелектерін айырбастауға келгендердің кезегі ұзарғандығын жарыса жазуда. 

Алматы әуежайы бұл жайтқа қатысты тез арада шешім қабылдап үлгеріп, Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Жауын-шашынның көбеюіне байланысты "Алматы халыөаралық әуежайы" АҚ ұшақтардың қонуы мен аттануын қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасады. Қазіргі уақытта вертикальды көру мүмкіндігі – 1900 м, горизонтальды – 3300 м. Рейстер кешіктірілмей, кестеге сай орындалатын болады", — делінген хабарламада.

Қала әкімшілігінің баспасөз қызметі 17 қарашаға қараған түннен бастап Алматыда үзіліспен бес тәулік бойына қар жауатынын ескертіп, хабар таратқан болатын.

 

© SputnikҚар жамылған Алматы
Қар жамылған Алматы - Sputnik Қазақстан
1/4
Қар жамылған Алматы
© SputnikҚар жамылған Алматы
Қар жамылған Алматы - Sputnik Қазақстан
2/4
Қар жамылған Алматы
© SputnikҚар жамылған Алматы
Қар жамылған Алматы - Sputnik Қазақстан
3/4
Қар жамылған Алматы
© SputnikҚар жамылған Алматы
Қар жамылған Алматы - Sputnik Қазақстан
4/4
Қар жамылған Алматы
1/4
Қар жамылған Алматы
2/4
Қар жамылған Алматы
3/4
Қар жамылған Алматы
4/4
Қар жамылған Алматы

Соған байланысты қала әкімшілігі тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына орай көлікпен жүретін бағыттарын алдын — ала анықтап алуға әрі таңертеңгісін жұмысқа қоғамдық көлікпен уақтылы келуге шақырады.

Қала басшылығы автокөлік жүргізушілерінен  қала жолдарында жылдамдық кестесін сақтауды, қар тазалайтын техникалардың жұмысына кедергі келтірмеу үшін автокөліктерді жол жиектеріне қалдырмауды, қысқы дөңгелектерді айырбастауға айрықша мән беруді сұрады.

© SputnikҚар жамылған Алматы
Қар жамылған Алматы - Sputnik Қазақстан
Қар жамылған Алматы

Сонымен қатар, қала әкімшілігі қалың қардан электр желілерінің зақымдануы, ағаштардың сынуы, жол-көлік оқиғаларының жиі болуы мүмкіндігін ескертті. Алматы қаласының коммуналдық қызметі ауа райы қолайсыздығымен күресуге барынша дайын екенін хабарлады. Қала көшелерін жауған қар мен қатқан мұздан 1600 жұмысшылар мен 763 арнайы техника бірлігі тазалайды. 

Жаңалықтар
0