Оқиға

Жолдар жабылып, еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Меркурий Голоднов / Медиабанкке өтуҚыстағы трассы
Қыстағы трассы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
17-18 қарашада Жетісу Алатау тауларында қар көшкіні болуы ықтимал. 19-20 қарашада еліміздің көптеген облыстарында ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.

АСТАНА, 18 қар — Sputnik. 19-20 қарашада Қазақстанның басым облыстарында – аяз, жел мен қалың қар түсуіне байланысты дауылды ескерту жарияланып; Қарағанды және Алматы облыстарының кейбір жол учаскелерінде жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми сайты.

Дауылды ескерту

19-20 қарашада  Қарағанды облысының кей жерлерінде 40 градус өте қатты аяз күтіледі. Сондай-ақ 19-20 қарашада  Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 40 градус қатты аяз күтіледі. 

Аяз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанда аномальды аяз орнықты

19-20 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерінде қатты қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні кей жерлерде 23-28 м/с, 20 қарашада тау асуларында  екпіні 30 м/с күшейеді.  Ауаның температурасы  түнде 13-18, күндіз 7-12 аязға дейін төмендейді.  

19-20 қарашада Жамбыл облысында қар жауады, кей жерлерінде қатты қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с күшейеді.  Ауаның температурасы  түнде 15-20, кей жерлерде 25, күндіз 13-18 аязға дейін төмендейді.

Жетісу Алатауында жауын-шашынның жалғасуына және қар жамылғысының биік болуына байланысты 17-18 қараша аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

Қар көшкінін жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыз.

Жолдардың жабылуы

Ауа райының бұзылуына байланысы (қатты жел, жоғарғы қар, көру шектеулігі) Алматы облысында 17 қараша сағат 08:30-дан бастап Сарыөзек-Көктал тасжолының 40-шы және 80-шақырым аралығындағы жол жабылды. 

Қарағанды облысында 17 қараша сағат 23:40-тан бастап "Екатеринбург-Алматы" автожолында (641-1007 ш және Қызылорда-Павлодар жолының 947-1066 шақырым учаскес" барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс тоқтады.


Жаңалықтар
0