Өңірлер

Қазақстанда аномальды аяз орнықты

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАяз
Аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжамына сәйкес, аязды ауа райы Қазақстанда тағы бір апта сақталады. Республиканың орталық және шығыс аймақтарындағы кейбір аудандарда ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендейді.

АСТАНА, 16 қар — Sputnik. Аномальды аяз Қазақстанның солтүстік пен шығыс облыстарына орнықты деп хабарлайды Қазгидромет.

Қандай ауа райында мектептерде сабақ тоқтатылады - Sputnik Қазақстан
Инфографика
Қыста мектеп сабақтарын тоқтату параметрлері

Орташа тәуліктік ауа температурасы бұл аудандарда  осы кезең үшін климаттық нормадан 10-18 градусқа төмен. Мұндай аяз Кар теңізі үстінде қалыптасқан салқын және қатты антициклонның әсерінен болуда.

Осындай синоптикалық жағдай алдағы үш тәулікте сақталады, ал орталық пен шығыста түнгі температураның әрі қарай төмендеуі, жекелеген аудандарда 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында суық фронттың әсерінен жауын-шашын, қар және температураның әрі қарай төмендеуі күтілуде.

Астананың ресми сайтында хабарланғандай, 23 қарашаға қарай аяз бәсеңдейді деп болжанады.

Жаңалықтар
0