Өңірлер

Қазақстандықтарды желді әрі тұманды жұма күтеді

© SputnikАстана қыста
Астана қыста - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның баым облыстарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

АСТАНА, 18 қар — Sputnik. Қазақстанның оңтүстік аудандарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады, жаяу бұрқасынмен бірге жел 15-22 м/с күшейеді, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі. 

Аяз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанда аномальды аяз орнықты

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман,  көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман,  көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман,  көктайғақ күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде қатты аяз күтіледі.


Жаңалықтар
0