Қоғам

Ыдырысов ЭКСПО аумағындағы ТЖ туралы: мұндай жағдай кез келген құрылыста болады

© Sputnik / Болат Шайхинов"ЭКСПО-2017" нысандары
ЭКСПО-2017 нысандары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО территориясында сәндік конструкция қирады. Салушылардың айтуына қарағанда, болған жайт аумақтың негізгі құрылыстарына еш нұсқан келтірмеді.

АСТАНА, 17 қар — Sputnik.  ЭКСПО-2017 аумағында конструкцияның құлауы көрме имиджіне еш әсер етпейді деп мәлімдеді сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. 

Оқиға сәрсенбі күні 16 қарашада сағат 13.10-де болған. "Астана ЭКСПО-2017" АҚ баспасөз қызметі сәндік конструкция құлаған кезде жұмысшылардың ешқайсы зардап шеккен жоқ деп сендірді. 

"Кеше ЭКСПО-да айқын түрде айтылды емес пе, ешқандай мәселе туындаған жоқ. Шатыр құлап кеткен екен, бұл негізгі нысандарға еш ықпалы жоқ аралық конструкция болатын. Мұндай жағдай кез келген құрылыста болады", — деді Ыдырысов тілшілерге.

ЭКСПО-2017 нысаны - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ЭКПО-2017 павильонында құлаған конструкцияны бір ай бұрын бітірген

"Көрме имиджіне ешқандай нұсқан келмейді, өздеріңіз зорайтып көрсетпесеңіздер, ештеңеге әсер етпейді. Бұл тақырыпты дабырайта бермеңіздер, бәрі жоспарға сәйкес жүріп жатыр", — деді ол. 

Сенатор Асхат Күзеков өз кезегінде ЭКСПО-2017 құрылысының "тиісті деңгейде" жүріп жатқандығын айтты. 

Жаңалықтар
0