АСТАНА, 16 қар – Sputnik. ЭКСПО2017 көрмесі аумағында құлаған декоративтік конструкция бір ай бұрын салынып біткен, деп хабарлады BI Group еншілес кәсіпорынының ЭКСПО-2017-де павильондарды салу жөніндегі жоба жетекшісінің орынбасары Алмас Шукенов.
Ол, әзірге оқиғаға қатысты түсінік бере алмайтынын атап өтті. "Ол жерде құрылыс жұмыстары жүргізілмеген (құлау кезінде – ред.), өйткені бұл жұмыстар әлдеқашан аяқталған.
Ол уақытта ешқандай жұмыстар жүргізілмеген, ол конструкция аяқталып қойған, соңғы штрихтар шамамен бір ай бұрын жүргізілген", — деді Шукенов сәрсенбіде.
Құлаудан кейін оқиғаның себептерін анықтау үшін комиссия құрылған. Оның айтуынша, конструкция ешқандай салмақ түсірілетін құрылымдарды зақымдамаған.
"Ол ешқандай әсер етпейді, бұл тек жалпы декоративтік көрініс қана болады. Бір ай ішінде, деп ойлаймын, мүмкін одан аз уақытта, бәлкім ұзақтау болар, барлығы жөнделеді", — деді ол. Шукеновтың айтуынша, зиянды әлі анықталуға тиіс кінәлі тарап өтейтін болады.