АСТАНА, 16 қар — Sputnik. Ғаламторда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағында салынып жатқан нысанның құлаған бөлігі түсрілген бейнежазба пайда болды.
Болжам бойынша, бейнежазбаны 16 қараша күні жұмысшылар түсіріп алған.
"Бүгін екі павильон арасындағы сәндік көпір конструкциясы құлап кетті. Мамандар құрылыстың құлау себептерін анықтайды", — деді "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Сергей Куянов Sputnik Қазақстан агенттігіне телефон арқылы.
Оның сөзіне сүйенсек, конструкцияны BI Group құрылыс компаниясы салып жатқан көрінеді.
Куяновтың мәліметінше, құрлыстың қирауы салдарынан зардап шеккендер немесе қаза тапқандар жоқ.