Экономика

ЕАЭО елдерінің үкіметі бірыңғай Кедендік кодексті қабылдады

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуЕуразиялық экономикалық одақ
Еуразиялық экономикалық одақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құжат кедендік қызмет жұмысындағы көптеген үдерістерді автоматтандыруды қарастырады. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің басшылары желтоқсан айында кодекске қол қояды.

АСТАНА, 17 қар — Sputnik. 16 қараша күні Горкиде (Мәскеу облысы, Ресей) Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің үкімет басшылары ЕАЭО-ның бірыңғай Кедендік кодексін қабылдады.

Ресей рублі - Sputnik Қазақстан
Экономика
Экономист: ЕурАзЭО елдеріне рубльмен есеп айырысуға өткен жөн

"Бүгін Еуразиялық одақ Кедендік кодексі туралы Келісім премьер-министрлер деңгейінде келісілді. Алдағы желтоқсан айында болатын мемлекет басшыларының кездесуінде біз Кедендік кодексті қол қоюға ұсына аламыз. Мемлекет басшылары желтоқсанда тиісінше шешім қабылдайды деп үміттенеміз. Сонда келесі жылдан бастап Еуразиялық одақ жаңа Кедендік кодекспен жұмыс істейтін болады", — деді Еуразиялық үкіметаралық кеңеске төрағалық еткен Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының төрағасы Тигран Саркисян ЕАЭО Кедендік кодексіне кедендік қызметтер жұмысына қатысты маңызды нормалар кіретінін атап өтті. "Көптеген үдерістерді автоматтандыру үшін жағдайлар жасалды,  - деді Тигран Саркисян. – Бизнес пен кедендік администраторлардың байланысқа түсу деңгейі барынша төмендетілді. Мұның бәрі бизнес-климатты жақсартуға бағытталған, сол себепті іскерлік аясы өкілдері бұл құжатты асыға күтті".

ЕАЭА КК жобасының негізіне электронды технологияларға өту, сыртқы экономикалық қызметті жүргізудегі жағдайды жақсарту, оның ішінде экспортты ынталандыру жатады.

Жаңалықтар
0