Экономика

Экономист: ЕурАзЭО елдеріне рубльмен есеп айырысуға өткен жөн

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуРесей рублі
Ресей рублі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экономика ғылымдарының доқторы Ашот Тавадян мұндай әдіс ЕурАзЭО елдеріндегі долларландыру деңгейін төмендетеді.

АСТАНА, 22 қаз — Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕурАзЭО) елдерінде стратегиялық тауарлар саудасында рубльмен есеп айырысуға көшу және долларға байланудан бас тартқан жөн, деп санайды Еуразиялық сарапшылар клубының мүшесі, ықпалдастық үрдістерін зерттеу бойынша авторлық ұжымның жетекшісі, экономика ғылымдарының доқторы Ашот Тавадян.

"Мұндай шара ең алымен, экономиканы ұлттық валюталардың долларға қарағандағы құбылуынан, ЕурАзЭО елдерінде долларлану деңгейін төмендетуден, сондай-ақ конвертация шығындарын болдырмаудан қауіпсіздендіру үшін қажет", — деді Тавадян Гюмри қаласында өтіп жатқан "Армян-ресей стратегиялық одағына өзекті қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулер" тақырыбындағы конференция аясында. 

Оның айтуынша, ұлттық валюталардың түрлі құбылуларынан елдердің бірі айтарлықтай басымдыққа ие болмауы үшін, ЕурАзЭО-ның Валюта саясаты туралы келісімінің талаптарын орындап, бірінші кезекте оларды айқындап алу қажет.

"ЕурАзЭО елдері бұл қадамымен сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімнің" 4-бабында белгіленген мақсаттарды шешуге ықпалын тигізеді. Бұл – жанжақты жаңғыру қажеттілігі, жаһандық экономика шарттарындағы ұлттық экономикалар бәсекелестігін арттыру мен қауымдасу. Келісілген ақша-несие және валюта саясатының координациясысыз жоғарыда аталған мақсаттарға қол  жеткізуге мүмкін еместігі айқын", — деп келтіреді Тавадяннің сөзін ARKA агенттігі. 

ЕурАзЭО – Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік базасында құрылған халықаралық ықпалдастық экономикалық ұйымы. Ол 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап әрекет етеді. Қырғызстан одаққа 2015 жылғы тамызда кірді. Қазір Ресей, Армения, Белоруссия, Қазақстан және Қырғызстан елдері ЕурАзЭО мүшесі болып табылады.


Жаңалықтар
0