АСТАНА, 16 қар – Sputnik. Қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" бақылау өткізу пункті жұмысын қайта жалғастырды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстанға ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Бұрын БӨП жоспарлы жұмыстарды жүргізуге байланысты жабылған болатын.
Қырғыз тарапының мәліметінше, республика астанасынан 20 шақырым жерде орналасқан шекаралық өткізу пунктінің уақытша жабылуы қазақстандық жақтағы автоматиканың істен шығуымен байланысты болған.