АСТАНА, 16 қар – Sputnik. Мемлекеттік қызметшілер этика жөніндегі өкілеттілерге әртүрлі нормаларға түсінік алу үшін және ұжымдағы проблемаларға байланысты жиі жүгінеді, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Қуаныш Жапақов.
Мемлекеттік қызметкерлердің Этика кодексінде қызметтік этика нормалары егжей-тегжейлі қамтылған. Онда мемлекеттік қызметкерлердің әртүрлі жағдайларда: жұмыста, әріптестермен, бағынудағылармен, басшылармен қарым-қатынаста, бос уақытта, жұрт алдында сөз сөйлеу кезінде жұмыстан өзін ұстау стандарттары бекітілген.
"2016 жылғы 1 қаңтардан бастап этика жөніндегі өкілеттінің жаңа институты енгізілді. Оларға этикалық нормаларды сақтау бойынша мониторинг пен бақылау жасау жүктелген. Ағымдағы жылдың қазанына 360-тан астам мемлекеттік қызметші мен азамат жүгініп, консультация алды. Негізінен, Этика кодексіне түсінік алуға, шектеулер мен тыйым салуларға тиісті, әріптестермен проблемалық жағдайларды реттеу үшін жүгінді", — деді Жақыпов.