Қоғам

Қожамжаров мемлекеттік қызметкерлергее бірыңғай киім үлгісін енгізу жайлы мәліметті жоққа шығарды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуМемлекеттік қызметкерлер
Мемлекеттік қызметкерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақында БАҚ мемлекеттік қызметкерлерге арналған бірыңғай киім үлгісінің әзірленіп жатқандығы туралы ақпарат шыққан болатын.

АСТАНА, 16 қар — Sputnik.  Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлеріне бірыңғай киім үлгісін енгізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.

"Ол  - ойдан шығарылған дүние", — деді Қожамжаров парламент мәжілісі отырысынан кейін тілшілердің қойған сұрағына.

Бұдан бұрын қазақстандық БАҚ-да дереккөзге сілтеме жасалып, мемлекеттік қызметкерлерге бірыңғай киім үлгісін енгізу туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Киім үлгісі Қазақстан тәуелсіздігінің қарсаңында ұсынылып, бұл жайт мемлекет қызметкерлерінің киім алуға кететін шығынын азайту арқылы жемқорлық қаупін сейілтеді деген сыбыс тараған еді. 

Жаңалықтар
0