Қоғам

Мұхамедиұлына пара сұрағаны үшін тағылған айып тексерілуде

© Photo : Служба центральных коммуникаций (СЦК)Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрді жемқорлық пен сексуалды алымсақтық үшін айыптаған студент қыздың сөзіне қарағанда, ол кезінде ректор болған Арыстанбек Мұхамедиұлының көмегімен ЖОО түспек болған екен.

АСТАНА, 16 қар — Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына пара сұрағаны жөнінде тағылған айыпты тексеруде деп хабарлады ведомство басшысы Қайрат Қожамжаров.

"Этикалық кодекстің бұзылуын жөнінде немесе қылмыс жасалғаны туралы айтылған кез келген сөзді арыз ретінде түсіну керек. Және бұл арыздың тексерілгені жөн. Мемлекеттік қызметкер – мейлі ол инспектор, мейлі ол министр болса да, өзінің жазықсыз екендігін дәлелдеуі тиіс", — деді Қожамжаров тілшілерге.

Бір қыздың айтуынша, бес жыл бұрын Мұхамедиұлы оқуға қабылдау үшін пара сұраған екен. "Соған қатысты тексеру жүргізіп жатырмыз", — деді Қожамжаров.

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыптаулар жөнінде: соттасқым келмейді, бірақ амал жоқ

Бұдан бұрын, 9 қазанда Youtube желісінде өзін Т.Г. Жүргенов атындағы өнер академиясының бұрынғы студенті Еңлік Сыдықовамын деп таныстырып, Арыстанбек Мұхамедиұлын алымсақтық жасады деп айыптаған қыздың бейнеүндеуі пайда болды. Ғаламторда тарап кеткен бейнеүндеуде Сыдықова ҚазҰӨА 2011-2015 жылдары "музыкалды театр актрисасы" мамандығы бойынша оқығандығын айтты. Ол ЖОО түсуге шешім қабылдағанымен, қабылдау емтиханына кешігіп қалған екен. Оның айтуынша, Мұхамедиұлы мәселесні 3000 доллармен шешуді ұсынған көрінеді, содан соң қыздың қайда тұратынын, кіммен тұратынын сұрай бастапты. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы Еңлік Сыдықованы сотқа берді. Егер қыз кешірім сұраса, министр арызын қайтарып алады. 

Жаңалықтар
0