АСТАНА, 16 қар — Sputnik. Құрлықтық хоккей лигасының жүйелі маусымындағы санкт-петербургтік СКА-ға қарсы көшпелі матчында "Барыс" хоккей клубының канадалық қақпашы Кевин Пуленнің сейсенбідегі дебюті қонақтардың күйреуіне соқтырды.
Мұзда тек алғашқы 20 минут өткізген Пулен бес шайба жіберіп қойды. Екінші жиырма минутта ол осы маусымда барлық алты матчты нөлмен ойнаған швед Хенрик Каролссонға ауыстырылды.
Алайда қақпашыны ауыстыру да мұздағды жағдайды өзгерте алмады. Ойынның соңына дейін "Барыс" қақпасында шайба тағы төрт рет болды.
Нәтижесінде осы уақытқа дейін болмаған 9:0 есебі. Санкт-Петербургтегі жеңіліс "Барыс" тарихындағы ең ірісі болды.