Қоғам

Қазақстанда көктемгі аңшылыққа тыйым салыну көзделіп отыр

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуаңшы
аңшы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бөлек қазақстандық шенеуніктер шектесіп жатқан мемлекеттердің аңшылары үшін шектеу қоюға қол жеткізуге ниетті.

АСТАНА, 15 қар – Sputnik. Маусымның басталуына көп уақыт бұрын ауыл шаруашылығы министрлігінде көктемгі аңшылыққа тыйым салу қажеттігі туралы айта бастады. Сондай-ақ күзгі маусымда бір қолға атылған қыр құстарының санын шектеу қарастырылуда, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Сұңқармен саят құру - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Арабтарша сауық-сайран: жектерге саят құру олардың ҚР популяциясын сақтай ала ма

"Көктемгі аңшылыққа тыйым салу ұсынылып отыр. Бұдан бөлек күзгі маусымда бір қолға атылған қыр құстарының санына шектеу қою ұсынылуда", — деді  ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Нариман Жүнісов баспасөз конференциясы барысында. 

Оның сөзіне қарағанда, жануарлар әлемінің, оның ішінде қыр құстарының саны бірқатар факторларға байланысты. Олардың бірі табиғи көбею, оның сапасына не табиғи-климаттық жағдайлар, не антропогендік ықпал әсер етуі мүмкін.

Олай болмаған жағдайда, баспасөз мәслихатында атап көрсеткендей, егер табиғи көбеюіне қажетті жағдай жасалмайтын болса, жануарлар әлемінің саны күрт төмендейтін болады. 


Жаңалықтар
0