АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Бұдан бұрын Қазақстан үкіметі БАЭ-нан келген үш шейхқа бірқатар қорықтардағы Қызыл кітапқа енген жектерге саят құруға рұқсат берген болатын.
Қаулы бойынша жеткерге сұңқармен саят құру 10 қазан мен 15 қараша аралығында өтуі тиіс. Бұл саятшылық араб шейхтарына арзан түспейді: бір құс үшін 550 мың теңге төлеуі тиіс. Бұл жаңалық қазақстандық ғаламтор қолданушыларының арасында үлкен наразылық туғызды.
ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев айтып өткендей, Қазақстан мен араб елдері 2003 жылдан бері жектер популяциясын сақтау мәселесінде серіктес болып келеді.
"Араб елі Қазақстанның жануарлар әлемін қорғауға аз қаражат бөліп жатқан жоқ. Олар тек жек құстарының ғана емес, ақбөкендердің қорғалуына зор үлесін қосты", — деді Нысанбаев жұма күні брифингте.
"Айта кеткім келетіні, саятшылық кезінде арабтар тәртіпке сай ғана әрекет етеді. Олар келісілген мөлшерде ғана жек құстарына саятшылық жасайды", — деп сендірді Нысанбаев.