Экономика

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12,5%-дан 12%-ға дейін төмендетті

© Sputnik / Максим МасловҚР Ұлттық банкі
ҚР Ұлттық банкі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі инфляция деңгейінің болжамға сәйкес төмендеуі, депозиттердің долларсыздану деңгейінің сақталуы мен халықтың инфляциялық күтуінің төмендеуімен түсіндіріледі.

АСТАНА, 14 қар – Sputnik. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1% дәлізімен 12% деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Баспасөз баянға сәйкес, бұл шешім банктік салымдарды долларсыздандыру қарқынымен, халықтың инфляциялық күтулерінің төмендеуімен сақталып отырған болжамның бағытына сәйкес негізделді. 

Экономика
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13%-дан 12,5%-ға дейін төмендетті

Бұл ретте халықаралық нарықтағы активтердің шетел валютасынан ұлттық валютаға ауысуы процесінің бәсеңдеуімен көрсетілетін белгісіздік өсуі және экономика мен қаржы секторының сыртқы күйзелістерге сезімталдығы базалық мөлшерлемені одан әрі төмендетуге мұқият қарауды талап етеді. Экономикалық ахуал айтарлықтай жақсарған және қаржы нарығындағы ахуалды тұрақтандыру белгілері орнықты болған кезде базалық мөлшерлемені төмендету мүмкін болды. Базалық мөлшерлеме бойынша шешім мынадай факторлар ескеріле отырып қабылданды. 2016 жылғы 10 айда инфляция 6,2%-ды құрады, бұл тарихи үрдіске сәйкес келеді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның нысаналы бағдардан ықтимал ауытқуы Ұлттық Банктің ықпал ету аясынан тыс болатын факторлардың әсер етуіне негізделеді. Бұл ретте Ұлттық Банктің бағалауы бойынша, теріс күйзелістер болмаған кезде жылдық инфляция сенімді түрде бүкіл 2017 жыл бойы 6-8% нысаналы бағдар шегінде болады. Халықтың инфляциялық күтулері қалыпты сипатын көрсетуде.

Халыққа кезекті пікіртерім жүргізу қазанда келесі 12 айда баға өсудің ағымдағы қарқынының сақталуын күтетін респонденттердің үлесі шамалы өскенін көрсетті. Тиісінше, халықтың инфляцияны қабылдауы жақсарады, бұл оның про-инфляциялық іс-қимылдарының төмендеуіне ықпал етеді. Мұнай бағасы мен дамыған және дамушы елдердің бірқатар валюта бағамдарының құбылуы, сондай-ақ АҚШ-тағы сайлаудың нәтижелеріне нарықтардың қысқамерзімді ден қоюы нарыққа қатысушылардың девальвациялық күтулерін төмендету бойынша үрдіске іс жүзінде әсер еткен жоқ. 

Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк қыркүйектен бастап ішкі валюталық нарықта интервенция жүргізбейді

Теңгенің өзгермеуін немесе нығаюын болжайтын респонденттер санының өсуі жалғасуда. Депозит нарығының көрсеткіштері долларсызданудың қайта басталуын және салымшылардың валюталық басымдықтарының теңге жағына ауысуын куәландырады.

Мұнайдың әлемдік нарығының ағымдағы жай-күйі оның болашақтағы дамуына қатысты айтарлықтай белгісіздіктің болуын көрсетеді. Нарықта күтілген ФРЖ мөлшерлемелерінің көтерілуі және АҚШ-тағы президенттік сайлау нәтижелері халықаралық капитал ағындарының және нарықтық баға белгілеулерінің өзгеру тәуекелін ұлғайтады.

Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2017 жылғы 9 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 17.00-де жарияланатын болады.


Жаңалықтар
0