АСТАНА, 25 қаз – Sputnik. Ұлттық банк 2016 жылдың қыркүйегінен бастап ішкі валюталық нарықта интервенция жүргізбейді, валюта бағамы фундаменталды ішкі және сыртқы факторлар ықпалымен қалыптасады деп хабарлады ведомство басшысы Данияр Ақышев сейсенбі күні үкімет отырысында.
Ақышев еске салып өткендей, қыркүйек аяғында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ долларына 335,46 теңгені құрап, жыл басынан бері 1,3%-ға нығайған.
Ақышевтың айтуынша, ұзақ уақыттан бері алғаш рет резидент еместер тарапынан Ұлттық Банк ноталарына сұраныс пайда болған. Бұл "ұлттық валюта бағамының тұрақтауы мен пайыздық мөлшерлеменің барабарлығына қатысты сенімділікті білдіреді".