Оқиға

Ақмола оқушысы арман қуып Елордаға кетіп қалған екен

© Sputnik / Болат ШайхиновЖол жиегінде тұрған оқушы қыз
Жол жиегінде тұрған оқушы қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоғызыншы сынып оқушысы ата-анасына сабаққа барамын деп айтып, шын мәнісінде жұмыс істеп, ақша табу үшін Астанаға кетіп қалған екен. Алайда арман қуған қыз құжаттарын үйге тастап кетіпті.

АСТАНА, 14 қар — Sputnik.  Ақмола облысындағы ауылда жоғалып кеткен 16 жасар қыз Нұрайым Сұлтанова Астана қаласынан табылды. Ол Елордаға ақша табу үшін кетіп қалған екен.

Мектеп оқушысы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысында мектеп оқушысы жоғалып кетті

Қорғалжын АІІБ 6 қараша күні 1960 жылы туылған жергілікті тұрғын хабарласып, 2000 жылғы қызының жоғалып кеткендігін хабарлаған. Сабынды орта мектебінің 9 сынып оқушысы, кәмелеттік жасқа толмаған Сұлтанова Нұрайлым Құлмағанбетқызы 5 қараша күні сабаққа кетіп, үйіне қайта оралмаған. 

Полицейлер қыздың туған-туыстары мен таныстарынан сұрастырып, көршілес аудандар мен Астанада іздеу салған. Кәмелеттік жасқа толмаған қыз 12 қараша күні елордадан табылып, үйіне жеткізілді.

Полицияның Sputnik Қазақстан тілшісіне берген мәліметі бойынша, Нұрайым әкесі мен өгей шешесінің қолында тұрады. Отбасы ауқатты, үлкендердің екеуі де қызметте, ешқайсысы полиция бөлімшесінде тіркелмеген. Ата-анасының айтуына қарағанда, қыз бала бұрын-соңды мұндай қылық көрсетпепті.

Нұрайым ақша тауып, елордадан пәтер сатып алу үшін Астанаға кетіп қалған екен. Алайда, арман қуған қыз құжаттарын үйіне қалдырып кетіпті.

"Біз онымен дұрыстап әңгімелестік. Қыз балаға жападан жалғыз бөтен қалада тұру қауіпті екенін түсіндірдік. Айтқандарымыздың бәрін көкейіне тоқыды деп ойлаймын", — деді Нұрайымның өгей шешесі Алмагүл Айтмағанбетова. 

Жаңалықтар
0