Оқиға

Ақмола облысында мектеп оқушысы жоғалып кетті

© Sputnik / Табылды КадырбековМектеп оқушысы
Мектеп оқушысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқушы қыз ата-анасына қосымша сабаққа баратынын айтып кетіп қалған. Бірақ кейінен ешқандай сабақтың болмағаны, қыздың мектепке бармағаны анықталды.

АСТАНА, 8 қар — Sputnik. Ақмола облысында 9-сынып оқушысы 16 жасар Нұрайлым Сұлтанова жоғалып кетті,  іздеу жұмыстары жүргізілуде деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. 

Қорғалжын АІІБ 6 қараша күні 1960 жылы туылған жергілікті тұрғын хабарласып, 2000 жылғы қызының жоғалып кеткендігін хабарлаған. Сабынды орта мектебінің 9 сынып оқушысы, кәмелеттік жасқа толмаған Сұлтанова Нұрайлым Құлмағанбетқызы 5 қараша күні сабаққа кетіп, үйіне қайта оралмаған. 

Сұлтанова полиция тіркеуінде болмаған, отбасындағы жалғыз бала. Жанұясы ауқатты, ата-анасымен арасында ешқандай кикілжің жоқ.

Қыздың түр-сипаты: бойы – шамамен 170 см, дене бітімі – орташа, ақ сары өңді, шашы ұзын, қоңыр түсті, көздері қоңыр, еріндері жұқа, мұрны тік, беті домалақ келген. Денесінде жарақат іздері немесе туа бітті қалы жоқ. Үстіне киген киімі: қоңыр түсті тоқыма бас киім, көк түсті қысқа күрте, көк түсті джинсы, қара түсті былғары етік, қызғылт түсті футболка.

Қазіргі уақытта полиция қызды көршілес аудандар мен Астана қаласынан іздестіріп жатыр, арнайы іздеу топтары құрылды. 

Қызды көрген-білгендер болса, құқық қорғау органдарына хабар беруді сұрайды. 

Жаңалықтар
0