Қоғам

ІІМ бұрын түрмеде отырғандардың ЭКСПО кезінде Астанаға баруын шектеуді қарастыруда

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуТүзету колониясы
Түзету колониясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылы қаңтар айында Астана маңындағы түрмеден 380 адам босап шығады.Тек ауыр қылмыс жасағандарды ғана қалаға кіргізбеуі мүмкін.

АСТАНА, 11 қар — Sputnik.  ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов ЭКСПО-2017 көрмесінің өтуіне байланысты Елордаға жақын маңдағы түрмеден босап шыққан аса қауіпті қылмыскерлердің қалаға келуін шектеу туралы ұсынысты "дұрыс" деп бағалады.

түзету колониясы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Рецидивистерге Астанаға кіруге шектеу қою ұсынылды

Түрмеден шыққандардың қалаға келуін шектеуді бұдан бұрын Астана әкімшілігі ұсынған болатын. Әкімнің орынбасары Андрей Лукиннің мәліметінше, шектеу аса ауыр қылмыс жасағандар үшін ғана қойылады: кісі өлтіру, зорлау, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық, қарақшылық, есірткілік заттарды заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу.

"Жалпы айтқанда, меніңше, бұл дұрыс ұсыныс, тек азаматтардың конституциялық құқығы бұзылмас үшін біраз жұмыс істеу керек. Бұл адам құқығын бұзуға жатпайды деп есептеймін", — деді Жақыпов тілшілерге. 

Оның айтуынша, халықаралық тәжірибеде ірі шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында сотталғандардың ғана емес, заңға бағынатын азаматтардың да құқықтары шектеледі.   

Жаңалықтар
0