АСТАНА, 1 қар – Sputnik. Астана маңындағы колониядан босап шыққан аса қауіпті қылмыскерлерге келесі жылдан бастап елордаға кіруге шектеу қою ұсынылды, деп мәлім етті елорда әкімінің орынбасары Андрей Лукин.
Астанада ЕЦ-166/10 (қатаң тәртіптегі колония) және ЕЦ-166/5 (ерекше тәртіптегі колония) мекемелері орналасқан. Астана билігі 2017 жылғы 1 қаңтарда бұл мекемелерден 380 адам босап, Астанаға келеді деп болжап отыр. Аса қауіпті қызметкерлер үшін қалаға кіруге шектеу қою 2017 жылы Астанада халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізумен байланысты жоспарланып отыр.
"Кіруге шектеу қою ұсынысына байланысты бұл тұлғаларға еліміздің өзге қалаларында әлеуметтену шаралары қарастырылатын болады. Бұл мәселемен пробация қызметі айналысады", — деді Лукин брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, шектеулер аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандарға қатысты болады. Атап өткенде, кісі өлтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер, қарақшылық, есірткілік заттарды сақтау, тасымалдау және өткізу.