Өңірлер

Полиция Алматыдағы банк клиенттеріне жасалған шабуылды анықтады

© AP Photo / Scott EisenТұтқындалған адам
Тұтқындалған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция Алматы орталығында банк клиеттеріне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады.

АСТАНА, 11 қар — Sputnik. Полиция Алматы орталығында банк клиеттеріне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады деп хабарлады қалалық ішкі істер департаменті.

Қаруланған адам - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда қарақшылық шабуыл жасалды

31 қазан күні Ресей банктері – ВТБ мен Сбербанктің еншілес бөлімдері орналасқан "Алатау Гранд" бизнес орталығынан шыққан ер адамдарға белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Шабуыл фактісіне қатысты жергілікті ішкі істер басқармасында "Қарақшылық" бабы бойынша сот алды тергеу ісі басталды.

"Құрылған жедел тергеу тобы шабуыл жасағандардың кім екенін бірден анықтады. Қазір олар қамауға алынған. Тергеу жұмысының қазіргі кезеңінде қаскүнемдердің жәбірленушілер компаниясы қызметкерінің көрсетуімен шабуыл жасағандары анықталды. Қылмыскерлер қомақты ақша сомасының қай жерден, қашан алынатынын біліп отырған. Бірақ жасаған қылмыстары сәтті аяқталған жоқ", — деп хабарлады Алматы қаласы ІІД қылмыстық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Жанболат Зиадин. 

Ұсталғандар – 1981, 1987 жылы туылған жергілікті тұрғындар. Олар қамауға алынды. 

Жаңалықтар
0