Оқиға

Алматыда қарақшылық шабуыл жасалды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуҚаруланған адам
Қаруланған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы бизнес орталықтары бірінің маңында белгісіз біреулер бір адамға қарулы шабуыл жасады. Полиция "Қарақшылық" бабы бойынша тергеу жүргізуде.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik.  Алматыда дүйсенбі күні белгісіз біреулер "Алатау Гранд" бизнес орталығынан шығып бара жатқан адамға шабуыл жасады деп хабарлады ғимаратта бөлімшесі орналасқан Банк ВТБ  баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

БАҚ мәліметінше, шабуыл оқ ататын қарумен жасалған, оқиға орнында болғандар атылған оқ дыбысын естіпті. 

"Алатау Гранд" бизнес орталығынан шығып бара жатқан адамға жасалған шабуыл Банк ВТБ бөлімшесінен тыс жерде болған. Біздің білуімізше, бұл оқиғаға қатысты қазіргі уақытта жедел тергеу шаралары жүргізілуде. Қажет болған жағдайда банктің қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарына барынша көмектеседі. Толығырақ ақпаратты құқық қорғау органдары жедел тергеу шаралары аяқталғаннан кейін береді деп ойлаймыз", — деп хабарлады баспасөз қызметінде. 

Алматы ІІД хабарлауынша, қарақшылық шабуыл фактісіне байланысты жергілікті ішкі істер басқармасында ҚР ҚК "Қарақшылық" бабы бойынша сот алды тергеу ісі басталған. 

Жаңалықтар
0