АСТАНА, 10 қар — Sputnik. "Барыс" – "Слован" хоккей клубтары арасындағы матчтың екінші кезеңінде шайба кішкентай қыздың басына тиді, бірақ қыздың басына ешқандай зақым келген жоқ, деп хабарланады қазақстандық клубтың "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында.
"Барыс" – "Слован" матчының екінші кезеңінде қонақтар хоккейшісінің клюшкасынан ұшқан шайба трибунаға кетіп, кішкентай жанкүйер қыздың басына тиді. Ойында кезекшілік еткен медицина бригадасы жедел әрекет етті. Зардап шеккен қыз жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Міндетті түрде басын аппаратқа түсіру қажет болатын. Дәрігерлер үкімі – бас миы шайқалмаған. Ауруханаға жатқызу қажет етілген жоқ.", — делінген хабарламада.
"Барыс" ұжымы қызға тез сауығып кетуін тілеп, жағдайды қадағалап отыруға уәде етті. "Барыс" Хоккей клубы бейсенбі күні Құрлықтық хоккей лигасының жүйелі маусымындағы үй матчында Братиславалық "Слован" командасын 5:1 есебімен ойсырата жеңді. "Барыс" алғаш рет маусымда жоғалтылған ұпайлар бойынша ҚХЛ-дың Шығыс конференциясының алғашқы сегіздігіне кірді.