АСТАНА, 10 қар — Sputnik. "Барыс" Хоккей клубы бейсенбі күні Құрлықтық хоккей лигасының жүйелі маусымындағы үй матчында Братиславалық "Слован" командасын 5:1 есебімен ойсырата жеңді. "Барыс" алғаш рет маусымда жоғалтылған ұпайлар бойынша ҚХЛ-дың Шығыс конференциясының алғашқы сегіздігіне кірді.
Бірінші кезеңде "Барыс" 2:0 есепті Роман Старченко мен Найджел Доустың шайбалары арқасында өткізді. Екінші жиырма минуттың басында Патрик Лушняк есеп ашты. Бірақ Иван Кучин екінші үзіліске дейін алаң иелерінің екі шайбаға басымдылығын қалпына келтірді. Қорытынды кезеңде алдымен Роман Старченко дубль рәсімдеп, сосын Брэндон Боченски бұл матчта нүкте қойды. Боченскидің бұл голы ҚХЛ матчтарында қақпаға кірген 150-ші шайба болды. Осылайша ол, лиганың үздік снайпер-лигионері деген атақты қайтарып алды.
Қазақстандық төлқұжаты бар американдық голдан бөлек бұл ойында нәтижелі пас берумен ерекшеленіп, енді оның есебінде 365 ұпай (150 гол + 215 нәтижелі пас беру) бар. Оларда спортшы ҚХЛ-дың 366 матчында жинап алды.
Осылайша Боченски лиганың ең нәтижелі легионерлері тізімінде санкт-петербурлық СКА-ның бұрынғы ойыншысы норвегиялық Патрик Тресені басып озды. Оның есебінде де 365 ұпай бар, бірақ голы аздау (144). Бұл ретте Боченски ҚХЛ тарихында бесінші бомбардир. Оның алдында келе жатқандар: Вадим Шипачев (410 ұпай), Данис Зарипов (512 ұпай), Александр Радулов (581 ұпай) және Сергей Мозякин (668 ұпай).
"Словананы" ойсырата жеңуі "Барысқа" маусымда алғаш рет ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында плей-офф аймағына кіруге мүмкіндік берді. Әзірге тек жоғалтқан ұпайлар бойынша. Қазіргі уақытта қазақстандық команда 37 ұпаймен 9-шы орында тұр.
Астаналық клуб келесі ойыны 13 қараша күні өз мұз алағында Екатеринбургтік "Автомобилистке" қарсы өтеді.