Спорт

"Медвешчак" бапкері: Карлссон – "тас қамал"

© Photo : ХК "Барыс""Барыс"-"Медвешчак" матчы
Барыс-Медвешчак матчы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Барыс қақпашысы" Хенрик Карлссон хорваттық "Медвешчакқа" қарсы матчта ҚХЛ осы маусымында бесінші "шатаутты" орындады.

АСТАНА, 8 қар— Sputnik. "Барыс" хоккей клубы дүйсенбі күні өткен Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында хорваттық "Медвешчакты" 2:0 есебімен ұтты.

Хорваттардың бас бапкері Горди Дуайер матчтан кейінгі баспасөз конференциясында бұл ойында командасының жеңіліс табуына басты себеп "Барыс" қақпашысы Хенрик Карлссонның шеберлігі деді.

"Өкінішке орай, біз "тас қамал" қақпашыға тап болдық", — деді Дуайер.

Бұл матчта Карлссон қақпаға лақтырылған 30 шайбаны қайтарған. Сөйтіп, Карлссон бұл маусымда бесінші рет қақпасына бірде-бір шайба дарытпай, таза шықты.

"60 минут бойы қарсылас өте белсенді ойын көрсетті, көбінесе қорғаныста ойнауға мәжбүр болдық", — деді "Барыстың" бас бапкері Эдуард Занковец ойыннан соң. – Жігіттер тәртіп бұзған жоқ, ал қақпашы бірнеше мәрте сэйв жасады. Оның үстіне, қанша рет басымдықпен ойнадық. Әйтеуір, соны пайдаланып, алға оздық та, ойын соңына дейін есепті сақтап отырдық. Бірақ бұдан да жақсы нәтиже көрсетуіміз керек еді, басымдыққа ие болғанымызбен, бәрін бірдей іске асыра алған жоқпыз", — дейді ол.

Келесі ойынды қазақстандық команда 10 қараша күні өз айдынында "Слована" клубына қарсы ойнайды.

Жаңалықтар
0