Экономика

Энергетика министрлігі девальвацияның алдын алып, ЖЭК тарифтерін көтергісі келеді

© Photo : акимат Акмолинской области Жел электр станциясы
Жел электр станциясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңғырмалы энергия көздерінен алынатын электр энергиясы тарифтерін реттеу жөніндегі ұсыныстарды қарастыру биылғы жылғы желтоқсан айына жоспарланып отыр.

АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі электр энергиясының тарифтерін доллар өсімінен алға озатын қарқынмен көтеруді үкіметке ұсынбақшы деп хабарлады ведомствоның вице-министрі Бақытжан Жақсалиев бейсенбі күні.

"Біз заңнамаға тиісті реттеулер енгізу мәселесін қарастырып жатырмыз және жаңғырмалы энергетика тарифтерін жыл сайын индекстеуді деп жоспаралап отырмыз. Сонымен қатар, валюта құрамдас бөлігі бойынша түзетулер жүргізіледі. (…) Алдағы жылда доллар бағамы 25%-ға артып кететін болса, тариф 30%-ға реттеледі", — деді Жақсалиев энергетикалық форумда.

Күн батареялары - Sputnik Қазақстан
Экономика
Энергетика министрлігі: жаңғырмалы энергия көздері тарифтерін өзгерту керек

Бұдан бұрын энергетика министрлігінің ЖЭК жөніндегі департаменті директорының орынбасары Алма Жүкенова тиісті түзетулер енгізу осы жылы желтоқсан айында үкіметте қаралады деп мәлімдеген болатын. 

Энергетикалық форум барысында Жасқалиевтің айтқанындай, Қазақстанның жаңғырмалы энергетикасы бойынша қазір 48 нысан жұмыс істеуде, олардың жалпы қуаты 252 МВт құрайды, ал жалпы электр энергиясы өндірісіндегі үлесі биылғы бірінші жарты жылдық бойынша 0,94%-ға тең.

Жаңалықтар
0