Экономика

Энергетика министрлігі: жаңғырмалы энергия көздері тарифтерін өзгерту керек

© SputnikКүн батареялары
Күн батареялары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дүние жүзінде жаңғырмалы көздерден алынатын электр энергиясы жаңа технологиялар қолданылғандықтан арзандап келеді.

АСТАНА, 27 қаз — Sputnik.  Қазақстан энергетика министрлігі осы жылдың желтоқсан айында жаңғырмалы көздерден алынатын электр энергиясының белгіленген тарифтерін өзгерту туралы мәселені үкіметтің қарауына ұсынады деп хабарлады энергетика министрлігінің жаңғырмалы энергия көздері бойынша департаменті директорының орынбасары Алма Жүкенова бейсенбі күні.

Оның мәліметінше, биогаз қондырғыларымен өндірілген энергияның белгіленген тарифтері 32 теңгені құрайды. 

Алайда энергетика министрлігінің өкілі тариф өседі ме, әлде азаяды ма деген сұраққа жауап беруден бас тартты. 

"Бірақ бізде халықаралық энергетикалық агенттіктің деректері бар: жаңғырмалы энергия құрылғылары бүкіл әлем бойынша арзандап келеді, өйткені жаңа технологиялар шығып, өтім нарығы өсіп келеді", — деді ол. 

Сонымен қатар, Алма Жүкенованың айтуынша, қазіргі уақытта электр энергиясы тасымалы үшін жаңғырмалы энергия көздері ақы төлемейді, сондай-ақ Қазақстанда бұл іске лицензия немесе сертификация жоқ. Энергетика министрі батыс елдерден ескі қондырғылар әкелінбеуі үшін жаңғырмалы энергия көздері құрылғыларын сертификаттауды көздеп отыр екен.   


Жаңалықтар
0